Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
IBA ұйымдастырған жарысқа әлемнің 95 елінен былғары қолғап шеберлері қатысуда.
4-13 желтоқасан аралығында өтетін әлемдік додада ел намысын 13 боксшымыз қорғауда. Олардың арасында Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов сынды тәжірибелі боксшыларымыз да бар.
Кеше, яғни 4-желтоқсанда бірінші болып шаршы алаңға шыққан отандасымыз Нурмагамед Юсупов жарыс жолын сәтті бастады. 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол тәжікстандық қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді.
Бүгін, 5 желтоқсанда шаршы алаңға 3 боксшымыз шығады. Күндізгі сессияда 67 келі салмақ дәрежесінде Санатәлі Төлтаев замибиялық Жералд Кабиндамен кездеседі. Ал кешкі сессияда 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо өкілі Зуграна Эбенезермен кездессе, 86 келідегі Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза Ботагелломен күш сынасады.
Айта кету керек, жарыстың жүлде қоры қомақты. Чемпиондарға 300 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.