Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмуд жарыстың ширек финалында Бразилиялық Майкл Тринидадты жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабырханға берді (5:0).
Финалға шығу үшін қазақстандық боксшы үндістандық Акаш Кумармен кездеседі. Жекпе-жек 4 қарашаға жоспарланған.