Әлем чемпионатында ел қоржыны тағы 3 медальмен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында ел қоржыны тағы 3 медальмен толықты

Әлем чемпионатында ел қоржыны тағы 3 медальмен толықты

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

  • 27 Қараша 2015
  • 683
Фото - Caravan.kz

Оған елімізден екі спортшы қатысқан болатын. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орынға табан тіресе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал екінші серпе көтеру сайысында Жазира 140 келі, Майя 135 келі көтерді. Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира Жаппарқұл әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя Манеза үздік ондыққа ілікті. Ал 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні бағындырып күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 келі көтеріп, қола медальді иеленді.