Жарияланды: 510

Әлем чемпионатында қазақстандық жағажай волейбошылары қыздар арасында 7-орын алды

Маусымның 22- 26 күндері Хорватияның Умаг қаласында жағажай волейболынан 18 жасқа дейінгі ерлер әйелдер командалары арасында Әлем чемпионаты өтті.

Оған ерлер арасында -38, әйелдер арасында 36 команда қатысты. Ел намысын қыздар арасында Бақтыгүл Самаликова мен Любовь Богат, Оксана Пилипенко мен Анна Алифиренко, ерлер арасында Алексей Орлов пен Сергей Цыкунов, Сергей Богат пен Владислав Пустынников жұптары қорғады. Сергей мен Алексей, Оксана мен Аннаның жұптары дәрежелік сынның бірінші кезеңінде, Сергей мен Владислав екінші кезеңде жарыс жолынан шығып қалды. Ал Бақтыгүл мен Любовь жарыстың негізгі дәрежелік сыннан сәтті өтіп, жарыстың басты кезеңінде жартылай финалға дейін жетіп, 7-орын алды. Олар 1-дәрежелік сында чех қыздарын (2:0), 2-дәрежелік сында итальяндық қыздарды (2:1) ұтты. Одан жарыстың негізгі кезеңінде Австрия (2:1) мен Португалия (2:0) спортшыларынан басым түсіп "В" тобында үздік шықты. Жүлделі орындар үшін болған 1/8 сында испандықтарды (2:1) қапы қалдырғанмен, ширек финалда француздардың осал тұсын таба алмады (0:2).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін