Әлем футболының аңызға айналған жұлдыздары Астанада бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем футболының аңызға айналған жұлдыздары Астанада бас қосады

Әлем футболының аңызға айналған жұлдыздары Астанада бас қосады

Әлем футболының тірі аңыздары ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылатын «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық турнирінде күш сынамақ. Бұл жайлы халықаралық көрменің ұйымдастырушылары хабарлады.

  • 20 Шiлде 2017
  • 523
Фото - Caravan.kz

Футбол жарысы 5-ші тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Форматы бойынша аталмыш турнир «Аңыздар кубогына» дәлме-дәл ұқсас, алаңда 5 ойыншы және қақпашы (6×6) ойнайды.

Астана төрінде Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрамалары тартысқа түседі. Кевин Куранья, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлем футболының тірі аңыздары өз өнерлерін паш етеді.

Еліміздің намысын келесі ардагер спортшыларымыз қорғайды: Олегом Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Аубакиров, Мұрат Тлешев, Нұрбол Жұмасқалиев және Андрей Финонченко.

Айта кетейік, 4 тамызда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің аймағында жанкүйерлермен кездесу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, жанкүйерлер жиын барысында фотоға түсіп, қолтаңба алу мүмкіншілігі қарастырылған. Ал 6-шы тамызда «Астана Арена» стадионында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектеріне арнайы шеберлік сабақтары өтеді.

Турнирдің күнтізбесі мен медиа жоспары және ойын алдындағы іс-шаралар жарыс басталуына бір апта қалғанда өтетін жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады.


Соңғы жаңалықтар