”Әлем кубогы”: Бүгін екі боксшымыз алтынға таласады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әлем кубогы”: Бүгін екі боксшымыз алтынға таласады

”Әлем кубогы”: Бүгін екі боксшымыз алтынға таласады

Бүгін, 20 қарашада әлем кубогінің финалдық жекпе-жектері өтеді.

  • 20 Қараша
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

16-20 қараша аралығында Үндістанның Дели қаласында бокстан әлем кубогы өтіп жатыр. Жарысқа аттанған 13 боксшымыздың екеуі ғана финалға дейін жетті. Нақтырақ айтсақ, 70 келіде өнер көрсететін Нұрбек Мұрсал финалда үндістандық Хитеш Хитешпен күш сынасса, 85 келідегі Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық Жасурбек Юлдашевпен кездесіп, чемпиондық атақты сарапқа салады. Финалдық кездесулер 17:30-да басталады.

Ал Әсел Тоқтасын, Санжарәлі Бегалиев, Диана Мағауияева, Даниял Сапарбай, Ұлжан Сәрсенбек, Жансая Рахымберді жартылай финалға дейін жетіп, әлем кубогінің қола жүлдегері атанды.

Басты қарсыластарымыз саналатын Үндістаннан 15, Өзбекстаннан 9 боксшы финалға шықты.

Еске сала кетейік, World Boxing ұйымы өткізіп жатқан аталмыш жарысқа 18 мемлекеттен 130 спортшы қатысуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера