Әлемдегі ең атақты футболшы қыз зорлағаны үшін қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең атақты футболшы қыз зорлағаны үшін қамауға алынды

Әлемдегі ең атақты футболшы қыз зорлағаны үшін қамауға алынды

«Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді.

  • 24 Қаңтар 2023
  • 87
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол кеткісі келетінін айтса да, бразилиялық оны жібермеген, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа-порталы vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», – деді бойжеткен.

Бұған дейін Алвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.


Испанияның заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды.

Алвес – әлемде атағы ең көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған.

 

Соңғы жаңалықтар