Жарияланды: 510

Әлемдік қаржы жүйесін тезірек қайта құру үшін тиімді шаралар қабылдау керек

Әлемдік қаржы жүйесін тезірек қайта құру үшін тиімді шаралар қабылдау керек. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Петерборда өтіп жатқан Экономикалық форумда осындай мәлімдеме жасады.

«Дағдарыстан кейінгі кезеңде ресурстық және азық-түліктік ығыттар өткір сезіле бастады. Қазіргі таңда әлемдік жалпы ішкі өнімнің 4,2 пайыздан сәл астамын мұнай шығыстары құрап отыр, бұл тарихи орташа 3 пайыздық көрсеткіштен біршама жоғары», - деді Н.Назарбаев. Президент сондай-ақ қазіргі уақытта жер шарында 1 миллиардтан астам адамға аштық қаупі төніп тұрғанын айтты. Үлкен азық-түлік дағдарысы төніп тұр. Елбасы сонымен қатар жаһандану үдерісінің экономикалық бәсекелестік пен әлеуметтік теңсіздікті ушықтырып отырғанын атап көрсетті. Соған қарамастан, қазір туынды бағалы қағаздардың белсенді саудасы жалғасуда, әсіресе, шикізат нарықтары қарқынды өсіп жатқан кезде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін