Жарияланды: 390

Әлемнің 33-ші ракеткасы қазақстандық теннисшінің жолын кесті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына шыға алмады,

деп хабарлады Vesti.kz. 18 жастағы қазақстандық спортшы матчтың 2-ші айналымында испандық теннисші Карла Суарес Наварроға қарсы ойнаған болатын. Алғашқы сетте жақсы өнер көрсетіп, испандыққа 6:1 есебімен басымдық танытқан Ю.Путинцева келесі екі айналымда есе жіберіп қойды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Ксения Первак, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Сесиль Каратанчевалар да жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін