Алға қойған мақсатымызға жете алмадық: Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алға қойған мақсатымызға жете алмадық: Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады

Алға қойған мақсатымызға жете алмадық: Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады

Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады.

  • 30 Шiлде 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.

Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын.

Қандай жағдай болмаса да қасымда табылатын Отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына" , — деп жазды Бекзад. 


Айта кетелік, Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді.

Соңғы жаңалықтар