Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Мехикода жоспарланған UFC кешіне жарақатына байланысты қатыспайды.
“Жағдай осылай, қолдан жарақат алып қалдық, ұшуымызға 2 күн қалғанда, жарақат айығып келмейді. Жекпе-жектен ешқашан бас тартып көрмедім. Кіммен шықсам да қандай жағдай болмасын, дайындық жақсы деңгейде болып жатқан. Болар іс болды, қанша жер тепкілесең де, жәйтті өзгерте алмаймын.
Бұл тұжырымда әлі 5 жекпе-жегім бар, жаңа келісімге (контракт) ұзартылған, әлі талай қызықты майдан күтіп тұр”, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, спортшы Instagram stories-те өзіне тілеулес болып жатқан жандарға алғыс айтты.
”Естігендеріңіздей, көргендеріңіздей осындай жағдай болып қалды. Қандай жағдай болмасын Аллаға шүкір, ер азаматпыз. Маңызды жек-жектердің бірі болған. Басты жекпе-жек, Мехикода өтеді. Өте қатты шыққым келген. Топ 5-ке кіріп кетуге мықты мүмкіндік болды. Бірақ, оның бәрін айта бергеннен уақыт артқа қайтып келмейді. 2025-тің қаңтарынан 2026-ның қаңтарына дейін 1 жыл тоқтамай оқу-жаттығу жиынында болдым. 12 айда төртінші жекпе-жегім болу керек болған. Әлі UFC-де бес жекпе-жегім бар. Сондықтан мықты кездесулер күтіп тұр деген ойдамын. Барша қайырын, дұға тілеп жатқан бауырларға көп рақмет, Алла разы болсын. Қазақ елі, алға!”, — деді ол.
Еске сала кетейік, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено UFC 268 турнирінде 28 ақпанда жекпе-жекке шығуы керек болған. Әзірге отандасымыздың орнын кім басатыны белгісіз.