Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жектері кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жектері кейінге қалдырылды

Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жектері кейінге қалдырылды

Top Rank промоутерлік компаниясы наурыз-сәуір айларына жоспарланған бокс кештерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

  • 17 Наурыз 2020
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа-порталы Prosports.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

28 наурызда Канаданың Квебек қаласында өтуі керек болған турнирлердің бірінде кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар — орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) және екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді.

Жәнібек бұрын тек өз отанында жұдырықтасқан, жеңілмеген ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) қолғап түйістіруді жоспарлады. Ал Айдос Ербосынұлы канадалық Тим Кронинмен (12-4-2, 3 КО) жұдырықтасуы керек еді.


Соңғы жаңалықтар