Алла бұйырса, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін - Данияр Елеусінов - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алла бұйырса, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін - Данияр Елеусінов

Алла бұйырса, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін - Данияр Елеусінов

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны және 2013 жылы әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Риодағы жазғы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын және қандай көрсеткіштерге жеткісі келетінін айтып берді, деп жазады tengrinews.kz.

  • 8 Тамыз 2016
  • 758
Фото - Caravan.kz

Боксшының айтуынша, турнирге дайындалуда ешқандай қиындық жоқ. Сондай-ақ, Даниярдың айтуынша, ол командасымен бірге Астанадағы кәсіпқой боксшылармен дайындық жұмыстарын да жүргізген. "Олар бізге жақсы көмектесті. Бұған дейін мен АҚШ-тағы жаттығуларда болдым, онда кәсіби боксшылармен жаттықтым. Бұл жолы жаттығу жұмыстары қызықты өтті. Мен жемісті еңбек еттім. Бірақ меніңше, өзіме қажеттіні Америкадағы жаттығу жұмыстарында үйреніп алдым", — деді Елеусінов.

Айта кетейік. қазақстандық боксшы үшін бұл екінші Олимпиада екен. Соңғы жылдары ол бұрынғыдан ауыр салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізіп жүр. "Енді менің нәтижелерім 69 келі салмақ дәрежесіне дейін болады. Әрине, тәжірибе жинадым. Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін", — деді боксшы.


 

Соңғы жаңалықтар