Жарияланды: 370

«Алматы» хоккей клубының бас бапкері өзгерді

Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы сайтының хабарлауынша, «Алматы» клубының бас бапкері ауысты.

Александр Высоцкийдің орнын енді команда жаттықтырушысы Олег Болякин басты. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы О. Болякин алматылықтардың жаттықтырушылар штабына жазда бас менеджер болып Өскеменнің «Казцинк-Торпедо» командасының бас бапкерлігінен ауысып келген болатын. 1965 жылы 23 қыркүйекте Қарағандыда өмірге келген 47 жастағы бұл маман 1981-98 жылдары Қарағандының «Автомобилист», 1998-99 жылдары Хабаровскінің «Амур», 1999-2003 жылдары Орскінің «Южный Урал» клубтарында ойнады. Ал 2007-2008 жылдары Павлодардың «Ертіс», 2009-2010 жылдары Қарағандының «Сарыарқа», ал 2010-2012 жылдары Өскеменнің «Казцинк-Торпедосында» бас бапкер болып жұмыс жасады. Жалпы оның жаттықтырушылық қызметі 2003-2004 жылдары «Қазақмыс-2» клубынан басталды. 2009-2010 жылғы маусымда «Сарыарқа» командасымен ел чемпионы атанған ол сондай-ақ, жастар құрамасында 2004 жылы жаттықтырушы, 2005 жылы аға жаттықытрушы, 2006-209 жылдары бас бапкер болды. Ерен еңбегі үшін оған 2007 жылы Қазақстаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін