Жарияланды: 470

Алматы облысының туризм және спорт басқармасында З. Чиншанлоның Қытайға кететіні жайлы ақпаратты теріске шығарды

Алматы облысының туризм және спорт басқармасында З. Чиншанлоның Қытайға кететіні жайлы ақпаратты теріске шығарды

Бүгін Алматы облысының туризм және спорт басқармасында олимпиада чемпионы Зульфия Чиншанлоның Қытайға қайтып оралатыны жөнінде қытайлық веб-сайтта жарияланған ақпаратты теріске шығарды.

Облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы Мұхит Тұрсынбаев мәлім еткендей, қытайлық Sohu.com сайтында Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын медаль ұтып алған ауыр атлет Зульфия Чиншанлоның Қытайға кетіп, 2016 жылы сол елдің атынан өнер көрсететіні жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. «27 қазанда ол Қазақстанға оралады. Қазіргі уақытта ол ата-анасының үйінде. Оған қоса ол 2014 жылы Астанада өтетін ауыр атлектика бойынша әлем чемпионатына қатысады», - деді М. Тұрсынбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін