Алматыда әйелдер арасында қол добынан халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әйелдер арасында қол добынан халықаралық турнир өтеді

Алматыда әйелдер арасында қол добынан халықаралық турнир өтеді

Алматыда «Достық» спорт кешенінде (СК) 10-14 маусым аралығында әйелдер арасында гандболдан халықаралық турнир - «Халықаралық гандбол федерациясының ауыспалы кубогы» өтеді, деп хабарлайды гандбол федерациясы (ГФ).

  • 8 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

ГФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнир халықаралық гандбол федерациясының ресми шарасы болып табылады, оны ерлер және әйелдер командаларының шеберліктерін арттыру үшін, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктіліктерін жетілдіру мақсатында құрлықтық федерациялар мен жергілікті ұйымдастырушылар өткізеді.

Турнирге Тайланд, Қытайлық Тайпей, Өзбекстан және Қазақстан командалары қатысады. Турнирдің жеңімпазы күресті халықаралық кезеңде жалғастырады.

Сонымен қатар, аталған турнирдің шеңберінде словениялық нұсқаушы Стефан Джаганың қатысуымен жаттықтырушалр мен төрешілерге арналған курстар өткізіледі.

Қазақстанның гандболдан құрамасы Азиядағы мықты командалардың бірі болып табылады. 2008 жылы Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі XXIX жазғы олимпиада ойындарына қатысты.

Соңғы жаңалықтар