Жарияланды: 430

Алматыда автоспорттан жылдам мәнерлеп жүргізуден ел чемпионатының 2-кезеңі өтеді

Алматыда 17 шілде күні автоспорттан жылдам мәнерлеп жүргізуден Қазақстан чемпионатының 2-кезеңі өтеді. Оны ҚР Автомотоспорт федерациясы мен қалалық туризм және спорт басқармасы бірігіп ұйымдастырып отыр.

Алғашқы кезең бұған дейін 4-5 маусым күндері Астанада өткен болатын. Ол "Балаларды қорғау күніне" арналып "ҚазМұнайГазөнімдері" АҚ-ның жүлдесі сарапқа салынған болатын. Оны ҚР Автомотоспорт федерациясы Астана қаласының туризм және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған еді. Онда спортшылар алдымен әкімшіліктік, медициналық және техникалық бақылаулардан өтеді. Содан кейін автомобильдердің 2 класы бойынша жаттығулық және бақылаулық жүрістер жасалып, ақтық сынға шығатын 16 үміткер таңдап алынады. Негізгі сында әрбір класс бойынша 1-4 орын алған автошабандоздар естелікке дипломмен және медальдармен марапаталады. Сондай-ақ жалпы есепте үздік шыққан жеңімпаз арнайы Кубокты иеленеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін