Алматыда автоспорттан жылдам мәнерлеп жүргізуден ел чемпионатының 2-кезеңі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автоспорттан жылдам мәнерлеп жүргізуден ел чемпионатының 2-кезеңі өтеді

Алматыда автоспорттан жылдам мәнерлеп жүргізуден ел чемпионатының 2-кезеңі өтеді

Алматыда 17 шілде күні автоспорттан жылдам мәнерлеп жүргізуден Қазақстан чемпионатының 2-кезеңі өтеді. Оны ҚР Автомотоспорт федерациясы мен қалалық туризм және спорт басқармасы бірігіп ұйымдастырып отыр.

  • 13 Шiлде 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz


Алғашқы кезең бұған дейін 4-5 маусым күндері Астанада өткен болатын. Ол «Балаларды қорғау күніне» арналып «ҚазМұнайГазөнімдері» АҚ-ның жүлдесі сарапқа салынған болатын. Оны ҚР Автомотоспорт федерациясы Астана қаласының туризм және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған еді. Онда спортшылар алдымен әкімшіліктік, медициналық және техникалық бақылаулардан өтеді. Содан кейін автомобильдердің 2 класы бойынша жаттығулық және бақылаулық жүрістер жасалып, ақтық сынға шығатын 16 үміткер таңдап алынады. Негізгі сында әрбір класс бойынша 1-4 орын алған автошабандоздар естелікке дипломмен және медальдармен марапаталады. Сондай-ақ жалпы есепте үздік шыққан жеңімпаз арнайы Кубокты иеленеді.

Соңғы жаңалықтар