Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді

Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді

Алматыда 25-маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Әуезов ауданы әкімінің кубогі үшін бокстан Халықаралық турнир басталады.

  • 24 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

Оны Әуезов ауданы әкімдігі, Алматы қалалық бокс федерациясы және «Каравелла» спорт клубы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Спортшылар «Қабырғаға қабырға!» қағидасы бойынша, жас ерекшелігі бойынша үш топта 20 салмақ дәрежесі бойынша күш сынаспақ. Атап айтқанда 1998-1999 жылдары туғандар — 32, 34, 36, 48; 1996-1997 жылдары туғандар — 40, 42, 44, 48, 50, 54, 57; ал 1994-1995 жылдары туғандар — 49, 52, 56, 64, 69, 75, 81 келі салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түседі.

Жалпы бұл жарыстың басты мақсаты -спортты дамыту, жақын және алыс шетелдік қалалар арасында достастық пен спорт байланыстарын нығайту, балалар мен жастарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту және спорттық шеберлік деңгейін жоғарлату болып табылады. Оған қатысатын қырғыз спортшылары бүгін Алматыға ат басын тіремек. Ұйымдастырушылар жеңімпаз командаларды Әуезов ауданы әкімінің кубогімен, мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттағалы отыр. Сондай-ақ, техникасы ең үздік және жеңіске деген жігерлігін көрсете білген боксшылар арнайы сыйлықтарға ие болмақ.