Алматыда Чогори «К2» шыңына халықаралық альпинистік экспедиция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Чогори «К2» шыңына халықаралық альпинистік экспедиция басталды

Алматыда Чогори «К2» шыңына халықаралық альпинистік экспедиция басталды

Алматыда Чогори «К2» шыңына халықаралық альпинистік экспедиция басталды, деп хабарлайды облыстық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасы.

  • 16 Маусым 2011
  • 797
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның құрама командасының капитаны — Қарасай ауданының спортшысы Мақсұт Жұмаев.

«Бұл шыңға көтерілген соң біз «Қазақстандықтар әлемнің ең биік шыңдарында!» бірегей спорттық бағдарламасын аяқтаймыз, оның барысында 10 жылдың ішінде қазақстандық альпинистер теңіз деңгейінен 8000 метрден аса биіктікте орналасқан 14 шыңның 13-ін бағындырды. Чогори тауына шығудың маңыздылығы Қазақстанның альпинизм және тау туризмі сияқты спорт түрлерінде беделі жоғары мемлекеттердің қатарындағы орны нығая түсетінінде жатыр, — деді М.Жұмаев.

Оның ақпаратына сәйкес, тау шыңының биіктігі теңіз деңгейінен 8611 метрді құрайды және ҚХР, Пәкістан, Үндістан елдерінің шекаралары түйісетін жерде орналасқан.

«Әлемдік альпинизм тарихында алғаш рет Чогори тауының «К2» шыңына көтерілудің online-трансляциясы жүргізіледі. 6 қырқүйекке дейін жалғасатын экспедиция кезінде телеарналар мен радиостанциялар үшін оқиға орнынан тікелей қосылулар жасалады, ал интернет-пайдаланушылар бәрін менің блогым арқылы шынайы уақыт режимінде біліп отырады», — деді М.Жұмаев.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, Чогори «К2» бағындыруға үш жұппен көтерілетін алты адам қатысады: қазақстандықтар Мақсұт Жұмаев — Василий Пивцов, Ральф Дюймовиц (Германия) — Герлинда Кальтенбруннер (Аустрия), сондай-ақ, «Ұлттық география» халықаралық қоғамынан биікте жұмыс істейтін бейнеоператор Дарек Залусский (Польша) және биікте жұмыс істейтін фотограф Томми Гейнрих (Аргентина).

Экспедиция сәтті аяқталса, Чогори шыңына Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының тулары орнатылады. «Қазақстандықтар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығында Эверестен кейінгі екінші шыңды да бағындырады», — деді М. Жұмаев.

Соңғы жаңалықтар