Алматыда джиу-джитсудан xалықаралық турнир ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда джиу-джитсудан xалықаралық турнир ұйымдастырылады

Алматыда джиу-джитсудан xалықаралық турнир ұйымдастырылады

Алматыда шілде айының 15-ікүні «Арлан Грип Аренада» (Ермесай, 3, 53 үй) бразилиялық джиу-джитсудан балалар арасында ашық халықаралық Arlan Grip Selection kids«Summer Open» турнирінің жалауы желбірейді.

  • 14 Шiлде 2017
  • 570
Фото - Caravan.kz

Турнирдің басты мақсаты елімізде бразилиялық джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Балалар арасында өтетін турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Турнир IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және дипломдар табысталады.

Салмақты өлшеу рәсімі белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген қатысушы салмақ дәрежесіне сәйкес келмеген жағдайда – спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.


Жарыстың басталуы : 10:00

Өтетін орын: — «Арлан Грип Арена», Ермесай, 3, 53 үй

Соңғы жаңалықтар