Жарияланды: 440

Алматыда футболдан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды

Бүгін Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының стадионында «Күзгі каникул 2012»VI Халықаралық турнирі басталды.

2000 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бұл байрақты бәсеке «Қайрат» футбол клубының әйгілі аяқдопшысы, КСРО спорт шебері Сергей Квочкинді еске түсіруге арналған. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл додаға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінің командалары қатысуда. Өткен жылы Санк-Петербор қаласының «СДЮШОР-Зенит» командасы жеңімпаз атанған болатын. Ал Алматы қаласының «Локомотив», «Цесна-99» командалары 2-3 орынды иеленсе, одан кейінгі орындарды «Жастар» (Қарағанды), «ОСДЮШОР» (Шымкент), «Еңбек» (Алматы), «РСДЮШОР» (Бішкек), «Монтажник» (Тараз) командалары өзара бөліскен еді. Сондай-ақ Али Янтижанов - «үздік қақпашы» («ЦЕСНА», Кирилл Костюченко - «үздік қорғаушы» («Локомотив»), Сұлтанбек Астанов - «үздік жартылай қорғаушы» («ОСДЮШОР» Шымкент), Никита Глушков - «үздік шабуылшы» («Зенит»), Руслан Казаков - «үздік мерген» («Зенит»), ал Ринат Шехмаметьев «турнирдің үздік ойыншысы» («Зенит») деп танылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін