Алматыда гандболдан Қазақстан мен Өзбекстан әйелдер құрама командалары сынға түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда гандболдан Қазақстан мен Өзбекстан әйелдер құрама командалары сынға түсуде

Алматыда гандболдан Қазақстан мен Өзбекстан әйелдер құрама командалары сынға түсуде

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан Қазақстан мен Өзбекстан әйелдер командалары «Халықаралық гандбол федерациясының ауыспалы жүлдесі» үшін күресуде.

  • 10 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл турнир Құрлықтық федерациялар мен жергiлiктi ұйымдастырушылардың серіктекстік құрып, ерлер және әйелдер командалары ойыншыларының, сонымен қатар жаттықтырушылар мен төрешілердің шеберлiгін жетiлдiруi үшiн жүргiзiлетін халықаралық гандбол федерациясының реми іс-шарасы болып табылады.

Оған Тайланд, Қытайлық Тайпей, Өзбекстан және Қазақстанның құрама командалары қатысуда. Турнир жеңімпаздары Жүлдені халықаралық фазада қорғау құқығына ие болады.

«Қазақстан құрамасы гандболдан Азия аймағында ең мықты командалардың бірі болып табылады. Біздің қыздар аймақта бірнеше рет чемпион атанған. 2008 жылы ел құрамасы Қазақстан тарихында тұңғыш рет төрт жылдық мерзiмнiң басты жарысы болып табылатын Бейжіңдегі 29-шы жазғы Олимпиада ойындарына қатысты», -дейді ҚР ГФ-ның вице- президенті Николай Астафьев.

Аталған турнир аясында словениялық жетекші инструктур Стефан Джагтың қатысуымен жаттықтырушылық және төрешілік курстары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар