Алматыда хоккейден балалар мен жасөспірмдер арасында халықаралық турнир өтті
Алматыда 5-7 қаңтар күндері балалар мен жаспірімдер арасында шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтті. |
Оны қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайымен бірлесіп ұйымдастырған болатын. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды шайбалы хоккеймен айналысуға ынталандыру. Жалпы спорттың бұл түрі Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп отыр. Сондықтан Алматыдағы бұл турнирге Қазақстан ғана емес көршілес Қырғызстан мен Ресейден де командалар қатысты. Онда Омбы қаласының «Сібір жұлдыздары» жеңімпаз атанса, Алматы қаласының №18 балалар мен жасөспірімдер мектебі мен Бішкек қаласының «Ильбирс» командасы 2-3 орынды бөлісті. Ұйымдастырушылар бұл жарыс алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналады деп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін