Оны қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайымен бірлесіп ұйымдастырған болатын. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды шайбалы хоккеймен айналысуға ынталандыру. Жалпы спорттың бұл түрі Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп отыр. Сондықтан Алматыдағы бұл турнирге Қазақстан ғана емес көршілес Қырғызстан мен Ресейден де командалар қатысты. Онда Омбы қаласының «Сібір жұлдыздары» жеңімпаз атанса, Алматы қаласының №18 балалар мен жасөспірімдер мектебі мен Бішкек қаласының «Ильбирс» командасы 2-3 орынды бөлісті. Ұйымдастырушылар бұл жарыс алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналады деп отыр.