Жарияланды: 480

Алматыда «Махатма Ганди мемориалы» дәстүрлі шахмат турнирі өтті

Алматыда 14 қазанда жалауын көтерген ІІІ «Махатма Ганди мемориалы» шахмат турнирінің жеңімпаздары марапатталды.

Махатма Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицейінде өткен бұл шара Алматы қаласының білім басқармасы мен қалалық шахмат федерациясының және Қазақстандағы Үнді елшілігінің қолдауымен өтті. Екі кезеңге созылған бұл жарыста оқушылар жекелей және топтық сында алдымен ауданаралық деңгейде сайысқа түсті. Ақтық сынға ауданаралық турнирлердің 14 жеңімпазы мен өткен жылғы турнирдің жеңімпаздары жолдама алды. Онда топтық сында Қ. Сатпаев атындағы №56 гимназия бірінші, №79 гимназиясы екінші, М. Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицейі мен № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы 3-4 орынды бөлісті. Жекелей сында бірінші тақтада Иван Мезенцев (№79 гимназия) - 7; Данияр Баймұрынов (№56 гимназия) - 5,5; Ибрагим Уәли (№92 лицей, 1 команда) - 4,5; екінші тақтада Әлішер Арын (№56 гимназия) - 6; Ахмад Асентай (№ 92 лицей, 1 команда) - 5,5; Дамир Урмурзин (№8 гимназия) - 5; үшінші тақтада Райымбек Арын (№56 гимназия) - 6; Нұржан Қанатбек (№92 лицей, 1 команда) - 6; Оразхан Хайдар (№173 лицей, 1 команда) - 6; төртінші тақтада Аделина Баймұрынова (№56 гимназия) - 6,5; Айана Ерғалиева (№28 лицей) - 6,5; Наргиз Асқарбекқызы (№175 гимназия) - 6 баллмен үздіктер қатарынан көрінді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін