Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Әлем чемпионаты өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Әлем чемпионаты өтуде

Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Әлем чемпионаты өтуде

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Әлем чемпионаты басталды.

  • 10 Қараша 2012
  • 334
Фото - Caravan.kz

Оған Қазақстаннан бөлек 25 елдің спортшылары қатысуда. Екі күнге созылатын байрақты бәсекеде олар үздік спортшы және үздік команда атағын сарапқа салатын болады.

2001 жылы тұңғыш рет Алматыда басталған Әлем чемпионаты додасы, екінші рет — 2007 жылы Өзбекстанда өткен еді. Биыл үшінші мәрте жалауын көтерген бәсекеге Республикалық ұлан қолбасшысы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев жетекшілік ететін Әлемдік қоян-қолтық ұрыс федерациясы ұйытқы болуда. Соңғы Әлем чемпионатында қазақстандықтар 6 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар