Алматыда шілде айында бокс кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шілде айында бокс кеші өтеді

Алматыда шілде айында бокс кеші өтеді

Коронавирус індеті төбе көрсетіп, шектеу енгізілгелі бері Қазақстандағы алғашқы спорттық шара - кәсіби бокс кеші 18 шілдеде Алматыда өтеді.

  • 24 Маусым 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бірақ ол көрермендерсіз өтеді, оған тек қазақстандық боксшылар қатысады. Кеше осы шараға қатысатындардың толық тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап. 

2019 жылғы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет 18 шілдеде өзінің кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — Сағадат Рахманқұловқа (6-1-0, 4 КО) . Одан бөлек жастар арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері Талғат Шайкен Берікбай Нұрымбетовпен жұдырық түйістіреді (5-0, 1 КО) .

Кештің басты жекпе-жегі — орта салмақтағы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) арасында өтеді.

Басқа жұптардың құрамы келесідей: Абай Төлеш (5-0, 3 КО) — Сапарбай Айдаров (4-0, 2 КО), Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО) — Нұржан Мақашбаев (0-0-2), Талғат Бертілеуов (0-1-0) — Жұмақ Сейітжанов (2-0-0), Қанағат Картбаев (1-0) — Ақниет Қазиев (0-1), Қанат Санғыл (дебют) — Айдос Медет (3-0), Нұрислам Сабиров (дебют) — Қанат Манатұлы (1-0), Бектас Қасенай (1-0) — Заманбек Данабеков (1-0).


Қыздар арасында да жекпе-жек болады. Лунара Альхамова (дебют) — Жансая Рахымберді (1-0) рингке шығады. Барлық жекпе-жектер ESPN халықаралық телеарнасынан көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар