Алматыда спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты басталды

Алматыда спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты басталды

17 қыркүйек күні Алматыдағы «№ 9 Мамандандырылған балалар- жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебінде» акробатикадан X Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 18 Қыркүйек 2017
  • 626
Фото - Caravan.kz

Чемпионат үш жас санаты бойынша өтеді: ересектер, 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер және 12-18 жас аралығындағы жастар.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея және Гонконг елдерінен қатысып отырған 144 спортшы үш күн бойы бақ сынайтын болады.

«Біз чемпионатты халықаралық ережелерге сәйкес өткіземіз. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер жалпы нәтижелер бойынша анықталатын болады. Яғни, екі күн еркін бағдарлама, ал үшінші күн — квалификация. Осындай айтулы доданың Алматыда өтіп жатқанына аса қуаныштымыз. Біз үшін бұл үлкен жетістік пен жауапкершілік. Алматы халықаралық дәрежедегі жарыстардың орталығына айналады деген сенімдеміз»,- деп атап өтті Азия құрлығының спорттық акробатикадан техникалық комитетінің президенті Айгүл Дүкенбаева.

Жарыс Дене шынықтыру және спорт комитеті, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Қазақстанның гимнастика федерациясы» және «Алматы қаласы гимнастика федерацисы» қауымдастықтарының қолдауымен өтуде.  


Соңғы жаңалықтар