Алматыда теннистен балалар мен жасөспірімдер турнирі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда теннистен балалар мен жасөспірімдер турнирі басталды

Алматыда теннистен балалар мен жасөспірімдер турнирі басталды

Бүгін Алматыда 1-дәрежелі міндетті турнирлер сериясы бойынша теннистен балалар мен жасөспірімдер турнирінің жалауы көтерілді.

  • 10 Маусым 2011
  • 327
Фото - Caravan.kz

Жарыстың алғашқы күні үміткерлерді тіркеу, жеребе тастау мен іріктеу кезеңі сайыстары басталды. Оған халықаралық дәрежедегі төреші Антон Игнатченко бастаған қазылар алқасы төрелік жасауда.

Жалпы бұл ҚР Теннис федерациясының 2010 жылы 1996-1997 және 1998 жылғылар мен одан кіші жастағылар арасында 2 дәреже бойынша «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша өткізіп келе жатқан жаңа жобасы. Онда жарыс 2 жеңіліске дейінгі олимпиадалық жетілдірілген жүйе бойынша өтеді. Әрбір матч тай-брейк жүйесі бойынша 3 сеттен тұрады. Биыл оған 1997-1998 жылығылар және 1999 жылы туғандар мен одан кіші жастағылар қатысады. Ақтық сайыс 18 маусымда өтеді. Келесі міндетті турнир балалар мен жасөспірімдер арасында Алматыда бұдан кейін 4-8 шілде күндері болады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар