Жарияланды: 490

Алматыда ТМД елдері бауырлас армияларының спартакиадасы басталды

Бүгін, 11-маусымда Алматыда ТМД елдері бауырлас армияларының спартакиадасы басталды.

ҚР Қарулы Күштері Орталық Армия спорт клубының бастығы Павел Новиковтың айтуынша, спартакиадаға ұлттық армиялық 9 командадан 300-ден астам спортшы қатысып, спорттың 6 түрі бойынша марапаттар үшін бәсекелеседі. Спартакиадаға қамтылатын спорт түрлерін анықтауда штатты қарудан атыс, бокс, армрестлинг, еркін күрес, жеңіл атлетика тәрізді әскери-қолданбалы пәндерге басымдық берілген. Сонымен бірге мини-футболдан медальдар кешеніне сайыс өткізіледі деп күтілуде. П.Новиковтың айтуынша, жалпы сайыстар нәтижесінде командалық қорытынды шығарылмайды. Өйткені, спартакиаданы өткізудегі басты мақсат- ТМД армиялары арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жауынгерлік әріптестік деңгейін арттыру болып табылады. Спартакиадаға Грузия, Әзербайжан, Молдова және Түрікменстан Қарулы Күштері қатыспайды. Турнирлік сайыстар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Армияның Орталық спорт клубының базасы мен Алматы әскери училищесінің далалық оқыту орталығында өтеді деп жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть