Алматыда «Волейбол фестивалі» өтті
Туризм және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық волейбол федерациясы 4 маусымда тұңғыш рет ұйымдастырған «Волейбол федерациясына» Алматыда 200-ден астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. |
Онда 1998 жылы туғандар мен одан төмен жастағылар арасында «Денсаулық» , «ГазМяс», «КАГ», 1996-97 жылғылардан «Дружба», «Торнадо», «Звезда», 1993-95 жылғылардан «Спартак», «Бобры», «Улыбка» командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Қыздар арасында мұндай мәртебеге 1997-98 жылғылардан «ЦСКА-1», «Алматы-2», «СДЮШОР-4-Форвард»; 1995-96 жылғылардан «Алматы-1», «ЦСКА-1», «СДЮШОР-4(1)» командалары ие болды.
Әлемнің көптеген елдерінде дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараға Қазақстанның қосылуына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсеткен болатын. Парктік волейболдан өткен бұл додада жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, медаль және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ классикалық және жағажай волейболынан ұлттық құраманың мүшелері шеберлік дәрістерін өткізді. "Волейбол фестивалі" алдағы уақытта енді Қазақстанда жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара болмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін