Жарияланды: 570

Алматыда жағажай волейболынан XV Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті

Алматыда 27-29 мамыр күндері жағажай волейболынан XV Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті.

Оған Алматы, Ақтау қалалары мен Алматы облысынан ерлер арасында 16, әйелдер арасында 6 команда қатысты. Әйелдер арасында Алматы облысының «Жетісу» командасы (Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова) үздік шықты. Үздік үштікті алматылық «СШВСМ» (Марина Моисеева мен Сабина Махмутова), ақтаулық «Каспий-1» (Екатерина Ласюта мен Анастасия Туктарева) командалары түйіндеді. Ал ерлер арасында 1-3-ші орындарды алматылық «Искра-2» (Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов), ақтаулық «Каспий-1» (Александр Бабичев пен Антон Пилипюк) және Алматы облысының «Жетісу» (Сергей Ползиков пен Михаил Перевертов) командалары өзара бөлісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін