Алматыда жас футболшылар А. Гурманды еске алуға арналған турнирде бақ таластырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас футболшылар А. Гурманды еске алуға арналған турнирде бақ таластырды

Алматыда жас футболшылар А. Гурманды еске алуға арналған турнирде бақ таластырды

-Алматыда 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Александр Ильич Гурманды еске алуға арналған футбол турнирі өтті.

  • 6 Қараша 2012
  • 326
Фото - Caravan.kz

Жарысты оның туыс-туғандары мен достары ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында өткен бұл бәсекеге 6 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысында Бауыржан Сарсекенов жаттықтыратын «Жеңіс» командасы жеңіске жетіп, кубок иегері атанды. Ал Әмір Әбдішев баптайтын «Қайрат» командасы екінші орын алса, Владислав Масимов тізгінін ұстаған «Арыстан» командасы үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ «жеңістік» Қажымұқан Мұқан турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Ұйымдастырушылар болашақта турнирді дәстүрлі жарысқа айналдырмақ. Сонымен қатар Қазақстан футбол ардагерлері арасында да арнайы турнир өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар