Жарысты оның туыс-туғандары мен достары ұйымдастырды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында өткен бұл бәсекеге 6 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысында Бауыржан Сарсекенов жаттықтыратын «Жеңіс» командасы жеңіске жетіп, кубок иегері атанды. Ал Әмір Әбдішев баптайтын «Қайрат» командасы екінші орын алса, Владислав Масимов тізгінін ұстаған «Арыстан» командасы үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ «жеңістік» Қажымұқан Мұқан турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Ұйымдастырушылар болашақта турнирді дәстүрлі жарысқа айналдырмақ. Сонымен қатар Қазақстан футбол ардагерлері арасында да арнайы турнир өткізуді жоспарлап отыр.