Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде «А» тобында үздік шықты
Бүгін Астанада волейболдан әйелдер арасында ХХ Қазақстан кубогының 1/8 финалы өтіп жатыр. |
Алғашқы кезеңде «Қостанай», «Грация Астана KZ» (Астана), «Оқушылар сарайы» (Астана) командаларымен бірге «А» тобында өнер көрсеткен «алматылықтар» барлық қарсыластарын ойсырата ұтып, 9 ұпаймен үздік шықты. Бүгін олар ширек финалдың жолдамасы үшін «Б» тобында 4-орын алған «Қарағанды-2» волейболшыларымен сайысқа түседі. Бұл сайыста сондай-ақ 2-орын алған «қостанайлықтар» қарсы топта 3-орын алған Талдықорғанның «Жетісу-2», 3-орын алған «Грация Астана KZ» болса, 2-орын алған Теміртаудың «Спартак АМТ», ал 4-орын алған «Оқушылар сарайы» «Б» тобының жеңімпазы болған Өскеменнің «Шығыс Қорғасын Құрылыс» командасымен күш сынасады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін