Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде «А» тобында үздік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде «А» тобында үздік шықты

Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде «А» тобында үздік шықты

Бүгін Астанада волейболдан әйелдер арасында ХХ Қазақстан кубогының 1/8 финалы өтіп жатыр.

  • 24 Қазан 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz


Алғашқы кезеңде «Қостанай», «Грация Астана KZ» (Астана), «Оқушылар сарайы» (Астана) командаларымен бірге «А» тобында өнер көрсеткен «алматылықтар» барлық қарсыластарын ойсырата ұтып, 9 ұпаймен үздік шықты. Бүгін олар ширек финалдың жолдамасы үшін «Б» тобында 4-орын алған «Қарағанды-2» волейболшыларымен сайысқа түседі. Бұл сайыста сондай-ақ 2-орын алған «қостанайлықтар» қарсы топта 3-орын алған Талдықорғанның «Жетісу-2», 3-орын алған «Грация Астана KZ» болса, 2-орын алған Теміртаудың «Спартак АМТ», ал 4-орын алған «Оқушылар сарайы» «Б» тобының жеңімпазы болған Өскеменнің «Шығыс Қорғасын Құрылыс» командасымен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар