Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде «А» тобында үздік шықты


Алғашқы кезеңде «Қостанай», «Грация Астана KZ» (Астана), «Оқушылар сарайы» (Астана) командаларымен бірге «А» тобында өнер көрсеткен «алматылықтар» барлық қарсыластарын ойсырата ұтып, 9 ұпаймен үздік шықты. Бүгін олар ширек финалдың жолдамасы үшін «Б» тобында 4-орын алған «Қарағанды-2» волейболшыларымен сайысқа түседі. Бұл сайыста сондай-ақ 2-орын алған «қостанайлықтар» қарсы топта 3-орын алған Талдықорғанның «Жетісу-2», 3-орын алған «Грация Астана KZ» болса, 2-орын алған Теміртаудың «Спартак АМТ», ал 4-орын алған «Оқушылар сарайы» «Б» тобының жеңімпазы болған Өскеменнің «Шығыс Қорғасын Құрылыс» командасымен күш сынасады.