Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының ширек финалына шықты
Бүгін Астанада волейболдан әйелдер арасында ХХ Қазақстан кубогы алғашқы кезеңінің ширек финалдық ойындары өтіп жатыр. |
Онда «Алматы» мен «Грация Астана KZ», «Шығыс Қорғасын Құрылыс» (Өскемен) пен «Қостанай», ««Спартак АМТ» (Теміртау) мен «Оқушылар сарайы» (Астана), «Жетісу-2»(Талдықорған) мен «Қарағанды-2» өзара күш сынасуда. Ертең бұл доданың ақтық сындары болады. Одан кейін бұл сында жоғары нәтижеге қол жеткізген «Алматы», «Шығыс Қорғасын Құрылыс», «Қостанай» мен «Грация Астана KZ» командалары 1-10 қараша күндері Қарағандыда өтетін Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында бақ сынайды. Онда олардың қарсыласы Ұлттық лиганың 2011/2012 жылғы маусымында жоғары нәтижеге қол жеткізген «Жетісу» (Талдықорған), «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) мен «Қарағанды» командалары болмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін