Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының ширек финалында үздіктер қатарында келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының ширек финалында үздіктер қатарында келе жатыр

Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының ширек финалында үздіктер қатарында келе жатыр

Қарағандыда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтіп жатыр.

  • 6 Қараша 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz

Өткен жұма күні басталған бұл бәсеке бүгін 6 қарашада аяқталады. Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша қазір турнир кестесінде 9 ұпаймен «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қарағанды» 1-2 орында, 6 ұпаймен «Алматы» мен «Астана» 3-4 орында келе жатыр. Ал «Ертіс-Қазхром» (Павлодар), «Спартак АМТ» (Теміртау), «Грация Астана KZ» (Астана) командаларының қоржыны әзірге бос.

Енді талдықорғандықтар мен қарағандылықтар, астаналықтар мен павлодарлық, теміртаулықтар мен қостанайлық және астаналықтардың «Грация Астана KZ» командасы алматылықтармен күш сынасатын болады. Егер бұл сында да өз басымдығын дәлелдей алса, «жетісулық» волейболшылар турнир кестесіндегі көш басшылықты тізгінді өз қолында сақтап қалуға толық мүмкіндігі бар. Өйткені олардың одан кейінгі 3 қарсыласы да турнир бұған дейін сында өзгелерге ұпай беріп қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар