Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шілденің 23-30 күндері Индонезияның Паламбанг қаласында волейболдан ерлер арасында клубтық Азия чемпионаты болды. Онда ел намысын Геннадий Паршин жаттықтыратын «Алматы» волейбол клубы қорғап, күміс жүлдегер атанды.

  • 1 Тамыз 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz


Өткен жылы бесінші орынға табан тіреген қазақстандықтар топтық сында өткен жылы 1-2 орынды иеленген Иран мен Катардан бөлек Түрікменстан, Тайланд, Мьянма волейболшыларымен бірге «В» тобында өнер көрсеткен еді. Онда ирандықтарға ғана (1:3) есе жіберіп, өзге қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата ұтқан алматылықтар өз тобында 2-орын алған болатын. Ширек финалда «А» тобында 3-орын алған вьетнамдықтарды 3:0 есебімен, ал жартылай финалда Жапония спортшыларын 3:1 етіп ұтты. Осылайша ақтық сында ирандықтармен қайта кездескенімен олардың осал тұсын таба алмай 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Соның нәтижесінде Азия чемпионы ретінде енді 8-14 қазанда Катардың Доха қаласында өтетін клубтық Әлем чемпионатының жолдамасын ирандықтар иеленді. Қазақстан чемпионы үшін Азия чемпионатының күміс медалі үлкен олжа саналады. Өйткені 2007 жылдан бері қазақстандық волейболшы жігіттер бұл жүлдеге тұңғыш рет қол жеткізіп отыр. Жалпы бұл дүбірлі додада үздік бестікке — Иран, Қазақстан, Қытай, Жапония және Тайланд құрамалары енді. Ал 6-12 орынды Индонезия, Катар, Вьетнам, Мьянма, Түрікменстан, Өзбекстан және Ауғанстан волейболшылары өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар