Жарияланды: 510

Алматылық волейболшылар Қытайдағы халықаралық турнирге қатысады

Шілденің 13-20 күндері Қытайдың Тайсанг, Дженг Джанг қалаларында волейболдан ерлер командалары арасында халықаралық турнир болады. Онда ел намысын «Алматы» волейбол клубы қорғайды.

Бұл дүбірлі додаға жарыс қожайындары мен Австралия және Иран ұлттық құрамаларын қоспақ. Турнирдің алғашқы айналымы Тайсанг қаласында, ал екініш айналымы Дженг Джанг қаласында өтетін болады. ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанды алматылықтар бұл жарыстан кейін шілденің 20-сы күні Индонезияның Палембанг қаласына аттанбақ. Онда 23-31 шілде күндері ерлер клубтары аврасында Азия чемпионаты өтеді. Оған құрлықтың үздік 12 клубы қатыспақ. Қазақстандық команда Иран, Катар, Түрікменстан және Мьянмы чемпиондарымен бір топта өнер көрсететін болады. Олардың ішінде өткен жылғы клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы мен күміс жүлдегері болған Иран мен Катар спортшылары бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін