“Алтын болады”: Әділбек Ниязымбетов бокстан әлем чемпионатына қатысты болжамын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Алтын болады”: Әділбек Ниязымбетов бокстан әлем чемпионатына қатысты болжамын айтты

“Алтын болады”: Әділбек Ниязымбетов бокстан әлем чемпионатына қатысты болжамын айтты

Боксшы, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бірер аптадан кейін Ливерпульде өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысты өз ойын айтты.

  • 19 Тамыз
  • 324
Фото: Ult.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы Аслан Каженовке берген сұхбатында ұлттық құрамадағы боксшылардың дайындығына қатысты пікірімен бөлісті.

”Биыл жақсы жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Астана қаласында өткен әлем кубогінде боксшылар біраз демалыстан кейін жұдырықтасты, рингті көрді, сезінді. Алдағы әлем чемпионатына балалар физикалық, психологиялық тұрғыда да дайын. Маған жігіттердің барлығының жұдырықтасуы ұнады. Бірақ, қателіктер де болды. Олар орнына келетін дүниелер. Бәрінен де жақсы жетістік күтем. Анау чемпион болады деп бөліп-жарып айтпаймын. Алтын болады”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Бұған дейін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар туралы жазған едік.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера