"Альварес бас тартқан жағдайда, мен дайынмын" - Сондерс Головкинді жекпе-жекке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Альварес бас тартқан жағдайда, мен дайынмын" - Сондерс Головкинді жекпе-жекке шақырды

"Альварес бас тартқан жағдайда, мен дайынмын" - Сондерс Головкинді жекпе-жекке шақырды

Сондерс соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсанда Канадада өткізіп, Давид Лемьені жеңген еді.

  • 4 Қаңтар 2018
  • 566
Фото - Caravan.kz


WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Сондерс Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен(49-1-2, 34 КО) осы жылдың мамыр айында өтуі тиіс кездесуге қатысты келіссөздер тоқтатылған жағдайда қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін білдірді.

Еске сала кетейік, Сондерс соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсанда Канадада өткізіп, жергілікті боксшы Давид Лемьені (38-4, 33 КО) жеңген еді. Ал кейінірек ол Головкинді жекпе-жек өткізуге шақырған болатын.
 

Соңғы жаңалықтар