"Альварес Исламға назар да аудармайды". Маман қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Альварес Исламға назар да аудармайды". Маман қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты

"Альварес Исламға назар да аудармайды". Маман қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Исламның соңғы жеңісі өте сенімді болды.

  • 23 Ақпан 2021
  • 91
Фото - Caravan.kz


Бірақ оның қарсыласы өте әлсіз болды. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында WorldBoxingNews сайтының рекокторы Фил Джей айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Сенбі күні қазақстандық боксшы Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында эквадорлық Джейсон Миндаға қарсы шығып, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

"Жекпе-жектің нәтижесі әу баста-ақ белгілі еді. Қанат үстемдікке ие болып, бірнеше рет қарсыласын құлатты. Жалпы Минда мықты қарсылас емес. Ол соңғы екі кездесуін нокаутпен жеңілді. Қазақстандық боксшы да оны нокаутқа түсіретіні анық болды. Ислам керемет кездесу өткізді. Бірақ қарсыласы өте әлсіз. Оның үстіне қарсыласы кездесуге бір күн қалғанда ауысып кетті. Қанаттың болашағы туралы ештеңе айта алмаймын. Өткен кездесу бойынша да оның деңгейін айту қиын. Ол "Канеломен" кездескісі келетінін айтты. Дегенмен, ол мүмкін емес. Мексикалық боксшы белбеуі бар, атақты боксшыларды қарастыруда. Дәл қазір ол Исламға назарын да аудармайды", — деді ол.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінен кейін Ислам Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырса, боксшымыздың промоутері Нельсон Лопес келесі кездесуді мамыр немесе қыркүйекте өтетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар