Жарияланды: 650

Америкалық промоутер Мейвезердің МакГрегорды нокаутпен жеңетінін айтты

Америкалық промоутер Мейвезердің МакГрегорды нокаутпен жеңетінін айтты

Америкалық промоутер Боб Арум салмақ категориясына қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтингінде бұрын бірінші орында тұрған Флойд Мейвезер UFC жұлдызы ирландиялық файтер Конор МакГрегорды бокс ережесімен өтетін жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп есептейді.

Бұл туралы "Чемпионат.com" ақпаратына сүйеніп, Vesti.kz хабарлады.

"Мейвезер - қорғаныстан бастап шабуылға шығатын боксшы, ол көп соққы жасамайды, қорғануға ғана тырысады. Ол өте жақсы боксы. Меніңше, Мейвезер басымдығын көрсетіп, МакГрегорды нокаутқа түсіреді", - деп келтіреді Арумның сөзін BoxingScene.

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін