А.Мұхамедиұлы спорт саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттады (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Мұхамедиұлы спорт саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттады (ФОТО)

А.Мұхамедиұлы спорт саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттады (ФОТО)

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда тамыздың үшінші жексенбісінде тойланатын

  • 14 Тамыз 2015
  • 764
Фото - Caravan.kz

Спорт күніне орай осы саладағы үздік қызметкерлерді марапаттады.

Сонымен, С.Нұржанов, В. Шепотько, С.Сарқытов, Т.Бейсембаева, А.Бәкенов, Қ.Байқожаев, Б.Әміренов, А.Жолдыбаев, Г.Корчма, В.Новоселовтар «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Тағы 16 адамға  «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін таға отырып, министр табанды еңбектері үшін барлық спортшылар мен бапкерлерге алғысын айтты.

«Спорттың дамуы тек қана сіздер мен біздер үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды. Ең бастысы, Қазақстан спортта өзін мойындатып келе жатқан мемлекет. Жуырда Малайзияда өткен Халықаралық олимпиада комитетінің отырысында 2022 жылғы Олимиадаға үміткерлікке Қазақстанға небары 3-4 дауыс жетпей қалды. Бірақ, осы дауыс санындағы аз ғана айрымашылықтың өзі  Қазақстанның спорты серпінді дамып келе жатқанын дәлелдейді», — деді барлық министр.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сай, елімізде тамыздың үшінші жексенбісі бүкілхалықтық Спорт күні ретінде тойланады.


2 3 4 5 6 7