Жарияланды: 30

Анна Данилина Германия турнирінің стартында жеңіліп қалды

Анна Данилина Германия турнирінің стартында жеңіліп қалды

Анна Данилина Германия турнирінің стартында жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Хехингендегі (Германия) жекелей разряд турнирінде дебют жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық теннисші Кьяра Шолльмен өткен матчта Данилина 2:6, 3:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды. Кездесу бір сағат, бес минутқа жалғасты.

Кездесу топырақ үстінде ITF сериялы неміс турнирінің 1/16 финалында өтті.

Қазақстандық жеке разрядта WTA рейтингінде 357-ші орында және жұптық разрядта 19-шы орында тұр. Бұл қазақстандықтар арасындағы үздік көрсеткіш. Таяуда Данилина Польша астанасы Варшавада жұптық турнирде жеңіске жеткен еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін