Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда Данилина мен Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы — Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп — Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі. Бұл жұп Франция ашық чемпионатында бірінші нөмірмен тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін ширек финалға қазақстандық теннисші Александр Бублик те өткен болатын.