АПОЭЛ бапкерi: «Астана-Аренаның» жасанды алаңының кесірінен командамыз жеңiлiске ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АПОЭЛ бапкерi: «Астана-Аренаның» жасанды алаңының кесірінен командамыз жеңiлiске ұшырады

АПОЭЛ бапкерi: «Астана-Аренаның» жасанды алаңының кесірінен командамыз жеңiлiске ұшырады

Бүгiн «Астана-Аренада» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiнің алғашқы матчында «Астана» футбол клубынан 1:0 есебiмен жеңiлген АПОЭЛ командасының бас бапкерi

  • 19 Тамыз 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

Домингуш Пасьенсия ойыннан кейiн журналистерге баспасөз мәслихатын өткiзе отырып, сәтсiз ойынға жасанды алаңды кiнәлады.

"Ойынды орайлы бастамағанымызды бiлемiн, бiрақ, бiз дайындықсыз келдi дегенмен келiсе алмаймын. "Астана" ойынды шабуылмен бастады, сондай-ақ, ойынның басындағы гол ойыншыларға әсер еттi. Қарсыласымыздың қақпасына бiрнеше рет гол салуға мүмкiндiк болғанымен, доп қақпаға дарымады.

Бұл жеңiс "Астана" командасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтедi дегендi бiлдiрмейдi. Екi команданың топтық кезеңнен үмiтi бiрдей деңгейде қалды", — дей келе, Д.Пасьенсия АПОЭЛ 26 тамыз күнi өз алаңында барын салатынын атап өттi.


Д.Пасьенсияның пiкiрiнше, АПОЭЛ ойыншыларының жеңiлiсiне "Астана-Арена" стадионының жасанды алаңы кесірін тигізген.

Соңғы жаңалықтар